• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

2017-2019 жылдары қарағандылық жетім балаларға 213 пәтер беріледі

175 рет
көрсетілді

2017-2019 жылдары қарағандылық жетім балаларға 213 пәтер беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Бүгінде облыста жетім балаларға арналған 25 ұйым жұмыс істеп тұр. 1274 адам мемлекет қамқорлығына алынған, олардың 262 жетім балалар. Ата-ана қарауынсыз қалған 1012 бала бар. Ата-ана қаморлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру мақсатында кешенді шаралар атқарылуда. Бұл шаралардың басты міндеттерінің бірі – жетімдерді баспанамен қамтамасыз ету», - делінген хабарламада. 2014 және 2016 жылдар аралығында 510 пәтер бөлінген, олардың 314 немесе 62% мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінсе, басқасы «Еңбекті жол картасы -2020», «Аудандарды дамыту 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламалары аясында бөлінген. Жалпы осы көрсетілген уақыт ішінде 194 пәтер бөлінбей қалды. Бұл Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Нұра, Шет, Қарқаралы, Абай, Жаңаарқа, Ұлытау, Ақтоғау аудандарындағы жұмыс көлемінің жеткілікті орындалмауы салдарынан болған. Қарағанды әкімдігі жанындағы кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сай, Жастар ісі жөніндегі басқарма тарапынан жетім балаларды және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды пәтермен қамтамасыз етудің 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары дайындалды. Бұл бойынша, 2017-2019 жылдары 213 пәтер бөлу жоспарлануда, олардың ішінде 79 пәтер 2017 жылы, 2018 жылы 64 пәтер, 2019 жылы 70 пәтер бөлінеді. Айта кету керек, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатында мемлекеттік тұрғын үй қорына кезекке тұрған азаматтардың саны 6730 адам. Бұдан бөлек, Кешендік жоспарда бөлінген тұрғын үйді сақтау, жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету және тұрғын үй бөлудің мониторингін жүргізу қарастырылған.