• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Теңге аптаны рекордтық нығаюмен қорытындылады

162 рет
көрсетілді

KASE-тің күндізгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 322,92 теңге болды. Дүйсенбіден бері ұлттық валюта 3,33 пунктқа нығайды. Дүйсенбі, 30 қаңтар күні 326,25 теңге болған АҚШ доллары қазір 322,92 теңге. Жалпы, осы апта ұлттық валютаның бағамы бір жылдық минимумға дейін төмендегені белгілі. Алматы айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 325,5 теңге болса, Астанада бұл көрсеткіш 326 теңге.