• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Енді балабақшаны тек бизнесмендер ғана салады

158 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балабақшаларды ашу ісіне бизнесмендерді белсенді тарту жөнінде тапсырма берді. «Соңғы үш жылда елімізде 100 мың орынға 1,3 мың жеке балабақшалар ашылды. Олардың көбі Оңтүстік Қазақстан облысында, яғни 400-і іске қосылды. Алматы облысында -220, Қызылорда облысында -180, Алматы қаласында -180 балабақша пайдалануға берілді. Бұлар осы бағытта алда келе жатқан өңірлер. Ал кейбір облыстарда бұл жұмыс жүзеге асырылып жатқан жоқ. Мемлекеттік жекеменшік- серіктестікті дамыту бойынша Павлодар облысы қалып келе жатыр. Үш жылда 160 орынға тек 2 шағын орталық ашылды», – деп тоқталды Мемлекет басшысы. Осы орайда Елбасы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктік аясында балабақшаларды ашу ісінде белсенділік танытуды тапсырды. «Облыстағы бизнесмендерді тарту керек. Бұл бағытта оларды ынталандыру қажет, яғни жер телімдерін бөлу немесе салынып жатқан үйлердің бірінші қабатынан орын беру керек. Осының барлығы пайдалы бизнес. Әрбір баланың соңынан мемлекеттің және ата-ананың ақшасы ілесіп жүреді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылдан бастап РБ және Ұлттық қор есебінен балабақшалар салмау туралы шешім қабылданғанын жеткізді. «Ғимараттардың бірінші қабаттарында балабақшаларды құруды айтарлықтай жеңілдететіндей жаңа санитарлық нормалар мен ережелерді қабылдадық. Алдағы уақытта балабақшаларды негізінен тек жеке сектордың есебінен қамтамасыз етуді ойластырып отырмыз», – деді министр.