• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2017

Алдағы үш күнге арналған ауа райы

158 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 4-6 ақпан аралығына ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанға келген белсенді әрі қуатты циклон 4 ақпан күні еліміздің аумағынан кетеді. Бірақ, онымен бірге келген атмосфералық ағымдар демалыс күнгі ауа райына өз ықпалын тигізеді. Сондықтан республиканың көп облыстарында қар түсіп, бұрқасынға байланысты жолдың көрінісі 200-500 метрге дейін қиындайды, желдің жылдамдығы 17-25 м/с жетеді. Оңтүстіктегі облыстар демалыс күндері циклондағы ауа ағымдарының ықпалында болады. Бұл аумақта да қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болып кей жерлерде 18-25 метр секундтық қатты жел тұрады. Қысқы Универсиада өтіп жатқан Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ауа райы қолайсыз болады. Сенбі күні бұл ауданда қалың қар түсіп, тұман мен екпінді жел соғады деп күтілуде. Республиканың аумағында қардың түсуін тоқтатып, ауа температурасын климаттық нормадан 3-5 ºС-қа төмендетіп, циклоннан кейін суық антициклон келе бастайды. Бірақ бұндай суық ауа райы қысқа мерзімге созылады. Себебі, келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батыс бөлігіне ауысып, күн жылынады.