• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Дамуға жаңа серпін беретін қадам

304 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуі біздің дамудың жаңа белесіне көтеріліп келе жатқанымызды айғақтайтын құнды құжат ретінде көрініс тапты. Ол, сонымен бірге, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық кезеңіндегі басқару жүйесіне өз тұрғысынан баға беріп, осыған орай бірқатар түзетулер мен өзгертулер енгізудің шарасына айналды. Бұған ширек ғасырлық уақыт ішінде қол жеткізілген ауқымды жұмыстардың нәтижелері алып келді. Сөйтіп, биліктің белгілі бір бөлігін Үкімет пен Парламент құзырына беру жөнінде ұйғарым жасалды. Әлбетте, біздің егемендік жыл­дарындағы жолдарымыздың бә­рі тақтайдай тегіс бола қойған жоқ. Егемендіктің елең-алаң кез­дерінен бері қарай сол даму жол­дарын дәл бүгінгі күндегідей дә­режеге жеткізу үшін мемлекет тіз­гінінің бір қолға шоғырлануы аса қажет болды. Оның бір ізге салынып, жүйеге келтірілуінің өзіне қыруар еңбек пен күш-жі­гер жұмсалды. Сан мәрте тә­у­елсіздіктің мәртебесіне қау­іп төндірген сәттер кездесіп қа­лып жатты. Соның бәрінде Ел­басының алысты болжай алатын көрегендігі мен бәрін жан-жақтан ойластыратын салиқалы саясаты көмекке келіп, республикамызды талай тығырықтардан алып шықты. Осы ретте біз Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен құрылған, әлемде өзіне теңдес баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының өте бір сара да сарабдал саясатпен құ­рылғанына талай мәрте көз жет­кіз­дік. Бұл жылдарда Қазақстан аяғын әлем өркениетіне қарай апыл-тапыл басқан елден жаһан­ның алдыңғы қатарлы мем­ле­кеттері мен халықаралық ұйым­дары мойындайтын мерейі үс­тем мемлекетке айналды. Осы жыл­дарда еліміз ЕҚЫҰ-ға тө­ра­ғалық етті, Шанхай ын­ты­мақ­­тастық ұйымы мен Еу­раз­ия­лық экономикалық одақтың бел­сенді мүшесі болып алды. Биылғы жылдан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз емес мүше ретінде көрінді. Ал Астана тө­рін­де өтіп жатқан әртүрлі ха­лық­­аралық форумдарда есеп жоқ. Соның бірі – таяуда ғана Сирия­да­ғы ахуалды реттеуге арналған ке­ліссөз жүргізіліп, елорданың б­ітімгерлік рөлі күшейе түсті. Қазақстан ширек ғасырлық мер­зімде, сондай-ақ, мәдениет пен спорттың, білім мен ғылым­ның белгілі бір биігіне көтерілген ең­селі елге айналды. Біздің елі­мізде спорттың бірқатар түр­л­е­рі­нен әлем чемпионаттары өтумен қатар, қысқы Азия ойын­дарының жалауы желбіреді. Ал тап қазіргі күндері Алматы бау­райында қысқы Универсиада шең­беріндегі жарыстар қызып жатыр. Осы деректердің өзі рес­­публиканың 25 жыл ішінде бел­гілі спорт державаларының бірі­не айналғанын көрсетеді. Біз мұның бәрінен Елбасы­ның дана басшылығы мен са­ра саясатының ізін көреміз. Мем­лекет басшысының билік тар­мақтарын бөлісу жөніндегі бас­­тамасы да оның еліміз дамуы­на серпін беретін жаңа қа­да­м­да­ры­ның бірі болып шы­ға­ты­нына се­ні­мдіміз. Бибігүл НҮСІПЖАНОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор