• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Бастауыш ұйымдағы басқосу

250 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Көк­ше­тау аумақтық филиалы «Ден­саулық» бастауыш пар­тия ұйымының жиналысы болып, онда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың билік тар­мақтары арасындағы өкіл­ет­тік­тер­ді қайта бөлу және баста­уыш пар­тия ұйымының жұмысы тура­лы мәселелер қаралды. Партияның алға қойған мін­дет­теріне сай бастауыш партия ұйымының жұмысы туралы баяндап берген «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы» ҚБ жетекшісінің орынбасары, партия мүшесі Сергей Киласьев денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 35,6 млрд теңгені құрағандығын және ол толық игерілгендігін ерекше атады. Оның айтуынша, 2016 жылы 8 жаңа нысан қолданысқа бе­рілсе, биылғы жылы да бірқатар ны­сан­дар салынады. Жалпы, облыс бюд­жетінен бөлінген қаржыға 274 дана медициналық құрал-жабдық пен 12 санитарлық авто­көлік сатып алынған. Өңірде 1804 дәрігер және 6074 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді екен. Өткен жылы медициналық ұйымдарға 359 медициналық қызметкер келсе, оның 70-і дәрігер. Әйтсе де келген қызметкерлердің тек 74-і ғана баспанамен қамтамасыз етілген. Соның ішінде 34 жас маманға баспана сатып алу үшін 106 млн теңге несие бөлінген. С.Киласьевтің мәліметіне қарағанда, облыста ауруды анықтаудың алты түрі бойынша 388 мың скринингтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде 6 мыңдай сырқат анықталған. Өңірде бала туу саны артып, өлім-жітім азайғандығы да аталмай қалмады. Туберкулезбен ауыратындар саны азайғанымен, түрмеден босап шыққандарды емдеу мәселесі әлі де өткір тұрғандығы ашып айтылды. Партияның Ақмола об­лыс­тық филиалы төрағасының орын­басары, облыстық мәслихат депу­таты Ғалым Бекмағамбетов залдан қойылған сұраққа берген жауабын­да жас маман­дарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі тек заң аясында шешімін та­буы тиістігіне ерекше назар аудар­ды. Баспананы тегін бе­ру деген мәселе қазір жоқтығын алға тартқан ол тұрғын үй салу жылдан жылға артып келе жатқандығын тіл­ге тиек етті. Депутат Көкшетау қала­сында 9 мың адам муниципалды тұрғын үй кезегінде тұрғандығын да қаперге сала кетті. Соның 4 мыңы әлеу­меттік аз қамтылған тұрғындар са­на­­лады. Жалпы, нұротандықтар осындай бірқатар мәселелер бойынша пікір алысып, есеп бергеннен кейін партияға жаңадан қабылданғандарға мүшелік кітапшаларын салтанатты түрде табыс етті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы