• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Қызметіне сай құрмет

254 рет
көрсетілді

Таяуда Астанада Сыртқы істер министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бірлесіп, белгілі дипломат Сайлау Батыршаұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиясы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, депутаттар, елімізге танымал тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, Оманның, Мысырдың, Украина, Беларусь, Ливан, Ауғанстан және басқа да мемлекеттердің Қазақстандағы елшілері мен дип­ломаттары қатысты. Жиынды ашқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ректоры Ерлан Сыдықов мерейтой иесін құт­тықтап, дипломаттың тұлға­лық және күрескерлік жолы жайлы жүрекжарды пікірімен бөлісті және оқу орны атынан сый-сияпат табыстап әрі оның кеу­десіне университеттің ең жо­ға­ры «Күлтегін» медалін тақты. Сондай-ақ, сыртқы сая­сат ведомствосы тарапынан ми­­нистрдің орынба­сары Р.Ва­силенко мерейтой иесі – С.Батыршаұлына Қазақстанның сыртқы саяса­тындағы жемісті еңбегі үшін алтын түсті «Еңбек ардагері» медалін тапсырды. Жиын барысында дип­ломаттың өмірі мен қызметтік жолын, қажыр-қайратын ар­қау еткен «Тәуелсіздік жо­лын­­дағы дипломатия» атты эссе-диалог кітабының тұсау­ке­сер рәсімі өтті. Мұрат Ал­мас­бекұлының автор­лығымен жарық көрген жеті бөлімнен тұратын кітапта еліміздің ширек ғасыр ішінде қол жет­кізген жетістіктері мен Прези­дент Н.Ә.Назарбаевтың осы жолдағы ерен еңбегі, қазақ дипломатиясының бірқатар тұлғалары туралы, сондай-ақ, тәу­елсіздік, ұлт тағдыры, тіл мен дін, шеттегі қандастар ха­қында кеңінен баяндалады. Бүгінде қазақстандық дип­ломатияның ақсақалы саналатын Сәкеңнің аталған сала табалдырығын аттағанына 50 жыл толды. Қазіргі таңда зейнет жасынан асса да, еліміздің сыртқы саясатының қайнаған қазанынан қол үзбей келеді, жас мамандарға кәсіби дипломат ретінде ақыл айтуды өзінің парызы санайды. Осы орайда, біздің бүгінгі кейіпкеріміздің Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің про­фессоры ретінде халық­аралық қатынастар маман­дарын даярлап, шәкірт­терге, магистранттарға, докто­рант­тарға білім беруге бар күш-жіге­рін арнап жүргенін де айта кетуіміз керек. Дамир ЕРНИЯЗОВ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті