• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Головкиннің Джейкобстан кейінгі қарсыласы анықталды

103 рет
көрсетілді

WorldBoxingNews.net-тің хабарлауынша,  Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) - Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) айқасының жеңімпазы багамдық боксшы Туреано Джонсонмен жекпе-жекке шығып, өз титулын қорғауға міндетті (19-1, 13 КО). Басылымның атап өтуінше, ондай жағдайда қыркүйекке жоспарланған мексикалық Саул Альвареспен «Канело» (48-1-1, 34 КО) жекпе-жекті кейінге жылжытуға тура келеді.  Өйткені егер Головкин Джейкобсті жеңген жағдайда және  Джонсонмен кездесуден бас тартса,  онда оны белдігінің біреуінен айыруы мүмкін. "Біз Головкин-Джекобс айқасының жеңімпазы IBF  титулын міндетті қорғауды өткізетіндігін есептеп отырмыз," - деп атап өтеді IBF басшысы Линдси Такер. Тiпті мұндай болғанда да Головкин Джонспен кездесуден қаша алады: оған WBO белдігінің иесі британдық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) жекпе-жекке келісім беруі керек. Ондай жағдайда бұл кездесуге басымдық беріледі, деп жазады Sports.kz