• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

270 рет
көрсетілді

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол». Жамбыл облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы «Алматы- Ташкент»  күре жолының учаскесінде (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Оңтүстік Қазақстан облысында  ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңыздағы «Термез- Алматы- Ташкент»  күре жолының учаскесі (534-593 км) көліктің барлық түрі үшін жабық. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі)  республикалық маңыздағы "Қандыағаш-Эмбі-Шалқар-Ырғыз» (92-257 км, Эмбі қ. -Шалкар қ.) тас жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.