• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Иран АҚШ-тың жаңа санкцияларына қарсы шара қолданады

156 рет
көрсетілді

Иран АҚШ енгізген жаңа санкцияларға жауап ретінде  заңдық шектеулер орнатады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шектеулер «аймақтық террористік топтарға көмек көрсететін америкалық жеке тұлғалар мен ұйымдарға қатысты болмақ». Еске сала кетсек, жұма күні АҚШ Тегеранмен байланыстағы 13 жеке тұлға мен 12 ұйымға қатысты санкциялар енгізді. Бұған дейін Иран зымырандық сынақ жүргізген еді. "Жаңа санкциялар Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімді растайтын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарына және АҚШ міндеттемелеріне қайшы келеді", - деді Иран сыртқы істер министрі. Оның айтуынша, Тегеран Иранның мемлекеттік мүдделеріне бағытталған АҚШ-тың кез келген әрекетіне лайықты түрде жауап қайтаратын болады.