• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Жамбылда жасалған макарон Ресей мен Қытайға экспортталмақ

305 рет
көрсетілді

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған 12 жобаның алғашқысы Жамбыл облысында іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Бүгін Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылында «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС макарон цехының жаңғыртылған автоматты желісі арқылы «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-ның DL-650X ұзын кеспесін өндіру басталды. Жобаның құны 285 млн теңгені құрайды, қуаты жылына 9 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жаңа өндірістің іске қосылуына орай, жергілікті тұрғындардың 60-қа жуығы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл өнім экспортқа бағдарланған. Еліміздің ішінде де, Ресей мен Қытай нарығында да таралады деп жоспарлануда. «Бүгін индустриализация бағдарламасының аясында «С.П. «Ролла-Ян» ЖШС-ның - «Макарон цехын жаңғырту, кеспе шығару бойынша автоматты желісі» атты жобаны ашып жатырмыз, - деді жобаның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке. «XINJFANG XINYA MECHAN - ЕLЕСТRО EQUIPMENT СО.LTD» Қытай фирмасының инновациялық желісінің құрылғысы мен монтажы басқа компаниялар арасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруіне мүмкіндік береді».