• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Үкімет басшысы Сүлейменовке бизнеске жүктеменің неліктен көбейгенін анықтауды тапсырды

122 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрлігі бизнеске жүктеменің неліктен артқандығын анықтауы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметті әріптестер! Кешегі өздеріңіз қатысқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы тарабынан бірқатар сын-ескертпе айтылып, нақты тапсырма  берілді. Біз бүгін сол тапсырмаларды іске асыру үшін бағыт-бағдарымызды айқындап,  тиісті шешімдерді қабылдауымыз керек. Ең алдымен Мемлекет басшысы дамудың ұзақмерзімді кезеңінде 5 пайыздық өсімді қамтамасыз етуді  тапсырды. Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы деп аталатын 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму  жоспарының басты мақсаты осы болуы тиіс. Елбасы атап көрсеткендей, бұған жетуге экономикамыздың мүмкіндігі де, әлеуеті де жеткілікті», - деді отырысты ашқан Үкімет басшысы. Осы орайда ол бизнес ахуалды жақсарту үшін  қабылданатын шараларға тоқталды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағытта аз жұмыс атқарылған жоқ. Бірақ, бизнес жүктеме артып келеді. Бір жағынан біз бизнес жүргізуді жақсарту үшін заңнамаға өзгерістер енгізіп, процедураларды жеңілдетудеміз. Соңғы 5 жылда рұқат беру құжаттарын 3,2 есе қысқарттық. Екінші жағынан дәл осы кезеңде бизнестің мүддесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер керісінше 1,7 есеге артып кеткен. Оның 80 пайызы әкімдіктер мен мәслихаттардың актілері.  Ұлттық экономика министрлігіне   бұл мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырамын», - Сағынтаев.