• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын түсті

308 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан XXVIII Қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына тоғызыншы алтын түсті. Бұл жолы жанкүйерлер сенімін аралас командалық спринтте (6х1,1 км) сынға түскен шаңғышыларымыз ақтады. Құрамында Анна Шевченко мен Олжас Климин бар жерлестеріміз 18:23.48 уақытымен ең үздік нәтижені көрсетсе, екінші орынға Франция командасы (18:28.67) жайғасты. Қола медаль Ресей (18:29.50) спортшыларына бұйырды. Қазіргі уақытқа дейін 9 алтын, 2 күміс және 9 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы бейресми командалық есеп бойынша Ресейден кейін (16 алтын, 17 күміс, 9 қола) екінші орында келеді. Естеріңізге салсақ, 2015 жылы Гранадада өткен қысқы студенттер сайысында Қазақстан командасы 5 алтын, 6 күміс медаль жеңіп алған болатын. Әзірге жеңіп алған 9 алтын біздің құрама үшін рекордтық көрсеткіш болып отыр. Алмас Манап, "Егемен Қазақстан"