• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Денис Тен алтын алды

141 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Денис Тен Қазақстан қоржынына оныншы алтын жүлдені салды. Мәнерлеп сырғанаудан сынға түскен жерлесіміз 266.97 ұпай алып, бірінші орынға ие болды. Ал екінші орын Жапония спортшысы Кэйдзи Танакаға (252.09) бұйырды. Қола жүлдені швециялық Александр Майоров (246.56) алды. Сонымен қатар, Қазақстан атынан шыққан тағы бір спортшымыз Абзал Рақымғалиев 204.23 ұпай алып, 12-орынға тұрақтады.