• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Стратегиялық сипатқа ие

170 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси бетбұрыстарға қадам басқанын мәлімдеді. Еліміз Тәуелсіздік алған­нан кейінгі аралықта көпте­ген құрылымдық өзгерістер­ді жүзе­ге асырып, аса маңыз­ды нәти­желерге қол жеткізді. Ал Елбасы Жолдауында алға қойыл­ған міндеттер мен мақ­саттар осы 25 жыл ішіндегі табыстардың заңды жалғасы болып табылады. Президент Жолдауы ұзақ мерзімді стратегиялық сипат­қа ие. Онда сыртқы экономикадағы құбыл­малы әсерлер кезінде қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шара­лар қамтылған. Жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, қазіргі таңда елдің ішкі әлеуетін күшейте түсу кезек күттірмейтін мәселе деуге болады. Осы мақсатта Президент орнықты эконо­микалық өсімге, ұлттық экономиканы технологиялық жаңғыртуға, іскерлік ортаны жақсартуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, адами капиталды сапалық тұрғыда арттыру­ға, сонымен қатар, институттық қайта құруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәти­­желі күрес жүргізуге бағытталған басым­­дық­тарды атап көрсетті. Жолдауда айтылғандай, көлік-логис­ти­калық инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес сынды салаларды дамыту ұлттық экономиканы алға сүйрейді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі саналатын агро­өнер­кәсіп кешенінің Қазақ­стан экономикасы үшін қан­ша­лықты зор маңызға ие екендігі соңғы жылдары ай­қын байқалды. Сол себеп­ті, алдағы уақытта да агро­өнер­кәсіп кешенін одан әрі дамыту көзделіп отыр. Коопера­тив­тердің рөлін күшейту, шикі­затты тереңдетіп өңдеу әрі оны сақтау сапасын жақсарту, тасымалдау мен өткізу, егістік жерлерді кеңейту, аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестицияны көптеп бөлу сынды нақты шаралар ауыл шаруашылығы саласының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін ар­т­тыруға ықпал етеді деген ойдамын. Осы орайда, қазірдің өзінде Қазақстан ауыл шаруашылығы секторының әлеуеті бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналатынын айта кету керек. Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар Үшін­ші жаң­ғыру­да алға қойылған міндет­тер мен мақ­саттарға қол жеткізуге өте тиімді ықпал ететіні анық. Қазіргі таңда Қазақстан жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың қарсаңында тұр деп санаймын. Анна АЛЬШАНСКАЯ, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері
Соңғы жаңалықтар