• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Міндет белгіленіп, мақсат айқындалды

222 рет
көрсетілді

Халқымыз Тәуелсіздік таңына дейін талай қиын кезең­дерді бастан кешті. Мем­лекетті қалыптастыру, ұлтты сақтау мәселелері төңірегін­де де көптеген жұмыстар ат­қарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тарихында тағдырлы кезеңдер қалып­тас­тырып, ұлттың алдына маңыз­ды міндеттер мен айқын мақ­саттар қоя білді. Нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік аренада өзінің тарихи орнын иеленді. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда айтылған маңызды міндеттер мен айқын бағыттар еліміздің одан әрі дамуына ерекше серпін берері анық. Маңызды құ­жатта Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мем­лекеттің қатарына қосылуға тиіс еке­нін атап көрсетті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналатынын да айтты. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында өндіріс сала­ларын басқару бағдарламалары айтар­лықтай жүзеге асып келеді. Бұл да өз кезе­гінде еліміздің өндірістік саласын дамытуға ерекше әсер ететіні сөзсіз. Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт, Елбасы Қазақстанның өз инвестициялық стратегиясы болуға тиіс екенін де мәлімдеді. Бұл да келешекте еліміздің өндіріс, индустрия салаларын дамытуға ерек­ше серпін береді. Сондай-ақ, Елбасының назарынан ауыл шаруашылығы, әлеумет, білім беру, денсаулық сақтау салалары да тыс қалып көр­ген емес. Аталған салаларды одан әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Еліміз, әсіресе, адам өмірін және оның құқығын қорғауды ерекше басшылыққа алып келеді. Бұл орайда Елбасының қадамы құптарлық. Сондай-ақ, Жолдауда адами капитал сапасын жақсартуға да ерекше назар аударылған. Нұрсұлтан Әбішұлы адами капитал сапасының жақсаруы білімге тікелей байланысты екенін де айтып отыр. Әсіресе, қоғам үшін түйткілді мәселеге айналып келген қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі туралы тапсырмасы да өзекті. Елбасының әр Жолдауы – еліміз үшін де, жеріміз үшін де маңызды. Себебі, нақты міндеттер белгіленіп, мақсаттар айқындалады. Толайым табысқа қол жеткізу үшін де асқан ауызбіршілік пен тыныштық керек. Бұл тұрғыда еліміз әлемге бейбітсүйгіш қалпымен де үлгі көрсетіп келеді. Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Жамбыл облысы