• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Жаңа индустрия қалыптастырудың алғышарты

167 рет
көрсетілді

Қызылордада облыс ак­тивінің отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының Қазақ­­стан халқына арнаған Жол­­дауында белгіленген ба­сым­­дықтар бойынша ай­мақ­­ты одан әрі дамыту мә­се­­­лелері талқыланды. Қы­зыл­­­­орда облысының әкі­мі Қы­рым­бек Көшербаев өңір­де сәтті жүзеге асы­рыл­ған бағ­­д­ар­ламалар жай­лы баян­дап, Жолдау басымдық­тары­нан туындайтын алда­ғы мін­деттерге кеңірек тоқталды. – Мемлекет басшысы эко­­­­но­миканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс сек­­торын одан әрі дамыту­дың міндетін қойып отыр. Тиім­­ді тұрғын үй саясаты­ның нәтижесінде алғаш рет 2016 жылы Қызылорда об­лы­­­сында жарты миллион шар­­шы метрден астам тұр­ғын үй салынды. 15 мыңға жуық жер телімдеріне бір жарым мың шақырымға таяу ин­­женерлік жүйелер тар­тыл­ды. Инженерлік-ком­му­­ни­­ка­ция­­лық инфра­құры­лым­ды тар­ту жө­ніндегі ауқымды жұ­­­мыс­­тар көп жылдардан ке­­­йін тұңғыш рет облыс ау­дан­­­­­­д­­а­рын­­да да қолға алынды. Сондай-ақ, Елбасы алды­мызға еңбек өнімділігін арт­тыруды міндеттеп отыр. Соң­ғы жылдары біз өңдеуші секторды тұрақты дамытуға қол жеткіздік. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ғана бұл саладағы өсім 15 пайызды құрады. Егер оны 2012 жылмен салыстырсақ, өсім – 52 пайыз. Осы сала­да­ғы еңбек өнімділігі 6 есе өсті. Нәтижесінде өне­р­кәсіп құрылымында өңдеу се­к­торының үлесі 4 есеге, ал, аймақтық жалпы өнім құ­рылымында 3,5 есе кө­бей­ді. Біз қарқынды тө­мен­­детпеуіміз қажет. Ин­но­­вацияны қолдау және олар­ды өндіріске жылдам енгізу жаңа индустрияны қалып­тастырудың маңызды шарты болып табылады, – деді Қырымбек Көшербаев. Білім беру жаңа эконо­ми­калық өсудің орталық буыны болуы тиіс. Облыс әкімі мектепке дейінгі білім беру саласында 3-6 жас ара­лы­ғындағы бала­лар­ға тәрбие мен білім беруді толығымен қамту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын Қызылорда облысы 2015 жылы мерзімінен бұрын орын­дағанын атап өтті. – Бұған өңірде мемле­кет-жекеменшік әріптестігін дамытудың арқа­сын­да қол жеткізілді. Бү­гін­гі таңда облыстағы бала­бақ­шалардың 70 пайыздан астамы осы жүйемен жұмыс істейді. Егер де мемлекет 10 жыл ішінде 37 балабақша салып берсе, соңғы үш жыл­д­ың өзінде жеке сектор 380-нен артық балабақша ашты. Қызылорда облысы­ның жағымды тәжірибесін Мемлекет басшысы өз Жол­дауында атап өтті, – деді ол. Қызылорда облысында стра­­тегиялық құжаттың бас­­қа да басымдықтары бо­йын­­ша ауқымды жұ­мыс­­тар атқарылды. Мы­са­лы, би­зне­с ортаны тү­бе­гейлі жақ­­сарту және кеңей­ту ая­сын­­да облыста кәсіп­кер­лік үйі салынып, бір ай бұ­рын кәсіпкерлерге қыз­мет көр­сету орталығы жұ­мы­­сын ба­с­тады. Өткен жы­­лы кү­ріш­­тен алынған рекорд­­тық өнім, өңдеу өнер­кәсібі­нің қар­қын­ды дамуы – ай­мақ­тағы оң өзгерістердің ай­қын дәлелі. Сонымен қатар, Жол­­дау­­да айтылған бірінші ба­­сым­­дық, яғни эконо­ми­ка­н­ың же­дел тех­нологиялық жа­ң­­­­ғыр­­­тылуы бағытында да өңір­­­де нақты істер қолға алы­н­ған. Аймақ басшысы Қырым­­бек Көшербаев жиын со­ңында Мемлекет басшы­сының Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма­лар жүктеді. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» ҚЫЗЫЛОРДА