• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Қазақстан ұмтылысын қолдаймын - Манфред Грунд

302 рет
көрсетілді

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айының аяғында Қазақстан хал­қы­на Үндеумен шы­ғып, оның ба­ры­сында кең ауқымды жә­не маңызды кон­с­ти­туциялық ре­фор­­маларға бас­та­­машылық жа­сады. Енді Парламент пен Үкімет ны­ғайып, басқару жүйесі бұрынғыдан гөрі тиімдірек бола түсуі тиіс. Бірінші кезекте, Қазақстан Президентінің бүгінгі кейбір саяси өкілеттіктері мен шешім қабылдау құқықтары Парламент пен биліктің жергілікті органдарына берілетін болуы керек. Мен бұл ниетті бүтіндей қолдаймын. Реформалардың бұл бағдарламасы, билікті бөлу тұрғысынан келгенде, мемлекеттік органдарды нығайтуға ықпал ететін болады. Осыған байланысты Президент өзінің назарын геостратегиялық мәселелерге, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысқа шоғырландырады. Бұл Қазақстанның әрі қарай да демократияландыру бағытымен ілгерілеп бара жатқанын байқатады. Қазақстанды әрі қарай жаңғырту мәселесі Президенттің биылғы 31 қаң­тардағы халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да қоз­ғалады. Жаһандық бәсекеге қабі­леттілік пен ұзақ мерзімді экономикалық даму Қазақстан алдына қойып отырған негізгі мақсаттар болып табылады. Нарықтық экономика қағидаттары бойынша ілгерілеу ниеті де қуаттала түседі. Бұл да өте қолдап, қуаттауға тұрарлық жайт және Орталық Азияда өзінің стандарттарын орнықтыратын болады. Бірінші кезекте мемлекет экономикалық ойыншы ретінде екінші кезекке сырғуы тиіс. Күн тәртібінде заманауи технологияларды дамытуға маңызды орын берілген. Ауыл шаруашылығы секторы, көлік және логистика жарияланған жаңғыртуда дамудың аса маңызды бағыттары саналады. Сондай-ақ, Бес институттық реформаны жүзеге асыруға баса көңіл бөлінген. 2030 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің санатына қосылу туралы мақсаты мерзімінен бұрын орындалса, 2050 жылға дейін әлемдегі жетекші 30 елдің сапына ену мақсаты да қуатталып отыр. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің жарияланған реформаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын тек қолдаймын. Осынысымен де Қазақстан бүкіл өңірге үлгі бола алады. Манфред ГРУНД, Христиан-демократиялық одағы (ХДО) партиясы төралқасының мүшесі, Бундестагтағы ХДО парламенттік фракциясы істерінің басқарушысы, «ГФР-ОА» парламенттік тобының төрағасы