• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

«Барыс» қарымта қайтарды

251 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей ли­га­сының «Шығыс» дивизионында өнер көрсетіп жүрген Астананың «Ба­рысы» өз мұз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, ірі есеппен ұтты. Қазақстандық хоккейшілер соққан бес шайбаға қонақ­тар бір ғана голмен жауап бере алды. Бұл ойында «Барыстың» екі ойыншысы мергендігімен көзге түсті. Команда капитаны Брэндон Боченски (18-ші және 39-шы минуттар) мен канадалық шабуылшымыз Кори Тривиноның (23 және 45) әрқайсысы екі голдан соғып, дубль жасады. Ал «Динамоның» қақпасына бесінші шайбаны астаналық 19 жасар шабуылшы Кирилл Панюков енгізді. Қонақтар тарапынан жалғыз голды Аарон Полушай салды. Сөйтіп, 28 қаңтар күні Минскіде (1:2) ұтылып қарымта қайтарды. Кеше «Барыс» Риганың «Динамосын» қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы – К.Даллмэн. Осы жеңістерден кейін Астана командасы 87 ұпай­мен «Шығыс» конференциясында бесінші орынға нық тұрақтады. Келесі ойынын «Барыс» Астанада 14 ақпанда Ново­сібірдің «Сибирімен» өт­кізеді.