ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен генерал-майор Әлібек Болатұлы Серәлиев ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысы болып тағайындалды.
Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов осыған орай жеке құраммен кездесіп, жаңа қолбасшыны таныстырды. Р.Жақсылықов Ә.Серәлиевке «Батыс» өңірлік қолбасшылығын басқаруда табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.
Әлібек Серәлиев КСРО Ішкі істер министрлігі БЛКЖО-ның 60 жылдығы атындағы Ленинград жоғары саяси училищесін бітіргеннен кейін қызметтік жолын рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып бастады. Оралға келгенге дейін Алматы қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы болды. Айта кетейік, осы кезге дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығын басқарған генерал-майор Қайрат Ақтанов Алматыға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысы болып ауыстырылды.