• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Осы апта мұнай бағасына әсер етуші факторлар

159 рет
көрсетілді

Өткен апта қорытындысы бойынша мұнай бағасы дүйсенбіден бері қымбаттағаны байқалды. Қара алтын құнынының көтерілуі мұнай экспорттаушы елдердің жаппай өндірісті азайтуына тікелей байланысты болғанын айтады трейдерлер. Сонымен қатар АҚШ-тың Ирандағы мемлекеттік компаниялар мен лауазымды тұлғаларға қарсы салған жаңа санкциялары да мұнай бағасын өсіре түсті. Жұма күні Лондон қор биржасында Брент маркасы бағасы 0,25 долларға қымбаттап, 56,81 долларға жетті. Ал апта ішінде баға 4 апталық рекордты жаңартып, 57,45-ке дейін барған еді. Әсіресе ОПЕК елдері өкілдерінің мұнай өндірісі жоспардағы кестеге сай қысқартылып жатыр деген мәлімдемесінен кейін баға шарықтап кетті. Естеріңізге сала кетейік, өткен апта Қазақстанның Энергетика министрлігі республиканың мұнай өндірісін азайту туралы келісім талаптарын артығымен орындалып жатқанын мәлімдеген еді. Жалпы, осы аптада мұнай бағасының құбылуына түрткі болатын шаралардың маңыздылары мыналар: Сейсенбі, 7 ақпан Халықаралық энергетикалық агенттіктің АҚШ мұнай экспорты туралы мәлімдемесі шығады. Сәрсенбі, 8 ақпан АҚШ Энергетика министрлігі АҚШ мұнайы мен жанармай қоры туралы апталық есебі жарияланады. Бейсенбі, 9 ақпан АҚШ Энергетика министрлігі АҚШ табиғи газ қоры туралы апталық мәлімдемесін жасайды. Жұма, 10 ақпан Baker Hughes компаниясы АҚШ-тағы бұрғылау құрылғыларының санын жариялайды.