• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Кабананга Африка ұлттары кубогының үздік сұрмергені атанды

186 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубы мен Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Джуниор Кабананга Африка ұлттары кубогының үздік сұрмерген атанды. Бұл жарыста ол барлығы үш гол соққан. Кабананганың командасы ширек финалда ганалықтарға 2:1 есебімен есе жіберген. Ал топтық кезеңде конголықтар Марокко мен Того ұжымдарынан басым түсіп, Кот-д’Ивуармен тең түскен болатын. «Астана» форварды бұл кездесулердің бәрінде мергендігімен танылды. Үздік сұрмергендер тізімінде Египет ойыншысы Мұхаммед Салах пен камерундық Мишель Нгаду-Нгаджи көш бастауына мүмкіндіктері болған еді. Алайда, ақтық сында қос футболшы да гол соға алмады. Олардың еншілерінде екі доптан бар. Айта кетейік, Габонда өткен жарыста Камерун құрамасы жеңімпаз атанды. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Буркина-Фасо құрамасы Гананы 1:0 есебімен ұтты.