• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Экспортқа бағытталған 72 кәсіпорын мемлекеттен қолдау алады

146 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысы барысында экспорт және импорт жөніндегі ұлттық компаниялар құру мәселесін пысықтауды тапсырды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында ҚР Президентінің Жолдауын орындау бойынша министрлер кабинетінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылған болатын. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың 6 желтоқсанындағы «Индустрияландыру күнінде» және Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы екінші бесжылдықтың негізгі басымдықтары – бұл өнімділігі жоғары басымдықты салалардағы экспорттық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуды белгілегенін еске салып өтті. Осыған байланысты Б. Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне салалық министрліктермен және әкімдіктермен бірге Президент белгілеген 72 нысанның әр қайсысы бойынша пысықтауды және сәйкес шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР ИДМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және Ұлттық палатамен бірге жаңа жобаларды іріктеу бойынша тиімді тәсілдерді әзірлеу тапсырылды. «Мемлекеттік қолдауды бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және экспорттық нарықтарға шығуға арналған нақты жоспарлары бар жобалар ғана алуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.