Калифорниялық Jetpack Aviation (JPA) стартабы бір жылдан кейін ұшатын көліктің жобасын ұсынатынын хабарлады. Бір орындық көлік жерден 2 метр биіктікте сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қозғала алады.
"Қазіргі таңда көптеген ірі автокөлік компаниялары ұшатын көліктің жобасын дайындауда. Ал JPA компаниясы барынша қауіпсіз көлік жасауды мақсат етіп қойған", - дейді компания өкілдері.
Бүгінде ұшатын көліктер тек арнайы белгіленген полигон аймағынан шығарылмауы талап етілсе, енді бірін пайдалану үшін арнайы сертификат алу керек. Дегенмен, мамандар алдағы уақытта заңнаманың өзгеретінін алға тартады.
Естеріңізге сала кетейік, JPA компаниясы 2015 жылы JB-9 атты ұшатын сөмке жасаған болатын.