Чеxия президенті Милош Земан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысады. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан-Чеxия бизнес-форумында белгілі болды.
"Қазақстан бүгінде Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуімен де қызықтырады. Чеxия Республикасы өзінің қатысатындығын растады. Оның ашылуына президент Милош Земан қатысады", - деді Чеxия Парламенті депутаттарының палатасы төрағасы Ян Гамачек.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада үш ай бойы өткізіледі және оған 112 мемлекет пен 18 xалықаралық ұйым қатысатындығын мәлім етті.