KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 321,59 теңгеге тең болды.
Еске салайық, 3 ақпандағы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 323,68 теңгеге тең еді.
6 ақпандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 322,5 теңгеге жасалды. Бұл максималдық құны болып бекітілді. Ал минималдық құны - 321,2 теңге. Бүгін ұлттық валюта айырбас орындарында 322-324 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Лондон қор биржасында Астана уақыты бойынша сағат 10.49-да Brent маркалы мұнайдың баррель құны 56,97 доллар болды.