• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі

161 рет
көрсетілді

2020 жылға қарай Қазақстан логистика тиімділігі рейтингі бойынша әлемдегі озық 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі. «2016 жылы көлік саласындағы НИК 103,8% құрады. Қазақстан логистиканың (LPI) тиімділігі бойынша халықаралық рейтингте 88-орыннан 77-орынға көтерілді, ал 2020 жылы әлемдегі озық 40 елдің қатарына кіру жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. Қазақстандық әуе компаниялардың Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған барлық шектеулер алынды. Енді ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде туристерге қызмет көрсету үшін Астана қаласына ұшатын әуе рейстерінің санын арттыру үшін «ашық аспан» жобасын бастау көзделіп отыр. Ведомствода атап өткендей, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, республикалық маңызы бар автожолдың 913 км қозғалыс ашылды, жобаларды іске асыру барысында шамамен 75 мың адам жұмысқа тартылды. 2017 жылы 4,4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 км жол пайдалануға беріледі. 2020 жылға дейін 6 мың км жолда ақылы жүйе енгізілсе, оның ішінде 2017 жылы 700 км жол ақылы болады.