• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Алатау ауданына құйылған инвестиция 8 жылда 32 есе өскен

143 рет
көрсетілді

8 жыл ішінде Алматы қаласының Алатау ауданына инвестициялар 32 есе өсті, деп хабарлады қала әкімдігі. Алматы қаласының Алатау ауданында Универсиаданың басты нысандары – «Алматы Арена» және Атлетикалық ауыл салынды. «Алматы Аренаға» тікелей жақын маңайда 15,6 мың пәтерге арналған шағын аудан, соның ішінде «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша 9 қабатты екі тұрғын үй бой көтерген. 3 жыл ішінде тағы 16 мың пәтерге арналған 279 үй салынбақ. Универсиада және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ауқымды құрылысы үшін Алатау ауданы инженерлік желілерінің қуаттылықтары ұлғайтылған. Универсиадаға дайындық кезеңінде ауданда 160 шм электр желісі, 200 шм магистральды газ желілері, сондай-ақ 34 шм су құбыры өткізілген. Бұдан бөлек, әкімдіктің ақпараты бойынша, ауданда 30 шм жаңа жол салынған, қолданыстағы 70 шм жолға асфальт төселген. Жаңа әкімшілік орталықтың толық инфрақұрылымы қалыптастырылды: әкімдік, сот және прокуратура, салық, өрт депосы, ХҚКО, Арнайы ХҚКО, мұрағат, АІІБ. Әлеуметтік нысандар салынған: 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша. Ауданды абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. «Алматы Арена» саябақтары бүгінде заманауи суару жүйелерімен жарақтандырылған. «Осы шаралардың нәтижесінде Алатау ауданының инвестициялық тартымдылығы артты. 8 жыл ішінде ауданға инвестициялар – 32 есе, өнеркәсіптік өнім өндірісі  12,3 есе өсті. Мейрамханалар саны – 1,7 есе, қонақ үйлер 1,5 есе өсті», - делінген хабарламада. Осы ретте, салық түсімдері 3 есе 3,7 млрд теңгеден 22,5 млрд теңгеге дейін өскен.