• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Шаңғышылар күміс медаль алды

261 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиадада ел қоржынына кезекті күміс түсті. Қазақстандық шаңғышылар Анна Шевченко, Ольга Мандрика және Ирина Быкова қысқы Универсиадада 3х5 эстафетасында күміс медаль жеңіп алды. Жерлестеріміз үштік қашықтықты 43:17.2 минутта жүріп өтті. Ал 52.1 секунд алда келген ресейліктер алтын медальға қол жеткізді. Үшінші орынды Франция спортшыларына бұйырды (+1:46.1). Осымен 10 алтын, 4 күміс, 10 қоласы бар Қазақстан спортшылары жалпы есепте екінші орында келеді.