• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Бірқатар республикалық жолдар жабылды

164 рет
көрсетілді

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК. Бүгін сағат 13:30-дан бастап Қостанай облысының барлық аумағында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында да бірқатар жолдар жабық тұр. Атап айтқанда, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 92 шақырымындағы Қандыағаштан бастап, 330 шақырымдағы Атырау облысы шекарасы аралығында шектеу бар. Ал «Самара-Шымкент» жолының бойындағы Ақтөбе мен Қобда аралығында да қатты борын көлік қоғалысына тосқауыл болды. «Ақтөбе-Орынбор» автожолының 8-99 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен РФ шекарасы учаскесі жабық. Мұнымен қоса, «Ақтөбе-Орск» жолының 17-135 шақырымындағы Пригородный 2 мен Ресей шекарасы аралығында барлық  көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.