ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі - директордың орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ОКҚ.
Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ұжымға директордың орынбасары - ҚР АКМ ОКҚ ресми өкілі Мұрат Жұманбайды таныстырды. Бұл қызметке дейін Мұрат Жұманбай ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған.