2017 жылдың қаңтарында еңбек мемлекеттік инспекторлары еліміздегі кәсіпорындардың жұмысшыларға жалақы берешегі 200 млн. теңгені құрағандығын анықтады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
«Ағымдағы жылдың басынан бері еңбек мемлекеттік инспекторлары 44 республикалық кәсіпорының 348 жұмысшы алдындағы берешегі 200 млн. теңгені құрағандығын анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшылығына орындау үшін міндетті 40 ұйғарым табыс етілді және жалпы сомасы 4 млн. теңгені құрайтын 20 айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешектің 50 млн. теңгесі өтелген.
«300-ден астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оның ішінде республикалық 3 кәсіпорынның 158 жұмысшысы алдындағы 17 млн. теңге көлеміндегі берешегі толықтай жабылды. Олар: «СП Sareco» ЖШС 118 жұмысшы алдындағы 14,9 млн теңге (Ақмола облысы), «Жамбылгипс» ЖШС 23 жұмысшы алдындағы 1,1 млн теңге және «Жамбылгипсстрой» ЖШС 12 жұмысшы алдындағы 1 млн теңге», - делінген ақпаратта.