Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиадада қыздарымыз хоккейден соңғы ойынын Ұлыбританиямен өткізіп, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Матчтың 16-минутында Бұлбұл Қартанбаева айдын иелерін есеп басында алға шығарды. Екінші кезең жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Алдымен, 25-минутта Малика Алдабергенова мергендігімен танылса, арада 30 секунд өтер-өтпес, Арай Шегебаева есептегі басымдықты арттырды. Ал 36-минутта Татьяна Лихаус таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді.
Кездесудің соңғы 20 минуты да осы қарқында өрбіді. 44-минутта Эльвира Рамазанова көзге түссе, 50-минутта Бұлбұл Қартанбаева бұл матчтағы дублін жасап, соңғы нүктені қойды.
Осылайша, қыздарымыз хоккейден алтыншы орынға тоқталды.
Қазақстан – Ұлыбритания 6:0 (1:0, 3:0, 2:0)
Шайбалар:
1:0 – 15:42 Қартанбаева (Тұрсынова, Шегебаева). Тең дәрежеде
2:0 – 24:47 Алдабергенова (Нұрғалиева). Тең дәрежеде
3:0 – 25:14 Шегебаева (Тұрсынова, Лихаус). Тең дәрежеде
4:0 – 35:43 Лихаус (Рыспек). Тең дәрежеде
5:0 – 43:30 Рамазанова (Мыңжасарова). Тең дәрежеде
6:0 – 49:32 Картанбаева (Алдабергенова, Рыспек). Тең дәрежеде