• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

Алғашқы қазақстандық астық Вьетнамға жіберілді

240 рет
көрсетілді

Алғашқы қазақстанды астық Қытайдың Ляньюньган порты арқылы Вьетнамның Хошимин портына жіберілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KTZ Express АҚ Ляньюньган қаласындағы «Қытай-қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы» ЖШС-мен бірлесіп, қанатқақты жоба ретінде осы бағдарды таңдады. Атап өтерлігі, Қазақстанның Жалтыр станциясынан тұңғыш рет 32 контейнермен 700 тонна қазақстандық астық Ляньюньган порты арқылы Хошимин портына жөнелтілді. Ляньюньган портында қазақстандық астықты жіберуге қатысты салтанатты шара өткізілді. Оған «Ляньюньган» порты МК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Дин Жуй қатысып, қытай тарапының Қазақстан аумағы арқылы көлік дәлізін дамытуға, қазақстандық өнімдерді Қытай аумағы арқылы Оңтүстік –Шығыс Азия елдеріне шығаруға қолдау көрсететіндігін атап өтті. Осы дәліз арқылы Қазақстанға Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің түрлі өнімдерін жеткізу де жоспарланып отыр. Қазақстандық өнімді Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып жүзеге асыру Жібек жолы экономикалық белдеуін дамытуды көздейді.