Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында шорт-тректе 500 метрден Қазақстан құрамасы бір күміс пен бір қола жүлде алды.
Бұл сында спортшылар жарысты екі мәрте бастауға тура келді. Себебі, Абзал Әжіғалиев алғашқы мүмкіндігінде фальстарт жасады. Ал қайта бастағанда мәре сызығына екінші болып жетті. Қола жүлде тағы бір жерлесіміз Денис Никишаға бұйырды.
Осымен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына 27 жүлде түсті. Қазақстан құрамасы 10 алтын, 6 күміс, 11 қоламен жалпы есепте 2-орында тұр.