• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2017

«Қазпочтаға» жаңа төраға тағайындалды

143 рет
көрсетілді

«Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы лауазымына Сәкен Сәрсенов тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фэйсбук парақшасында хабарлады. «Бүгін Сәкен Сәрсенов «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Еліміздің ақпараттандыру және телекоммуникация саласын дамытуға үлкен үлес қосқан майталман маман – Сәкен Сейітжаппарұлы өзінің жылдар бойғы тәжірибесін жаңа қызметте де тиімді пайдаланарына сөзсіз сенімдімін. Құттықтаймын!» – деп жазды министр.