• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Бурабайға қамқорлық қажет

415 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан жағ­дай­ын­да экономикалық ба­сы­м­дықтағы туризм қыс­қы тури­зм­ге қатысты инфра­құ­ры­лымды тиімді дамыту ар­қы­лы қанат жаятыны мәлім. Бұл бағытта Ақмола облысын­да айтарлықтай жұмыстар атқа­ры­луда және оның әлеуетін арт­ты­руда игерілуін күткен мәсе­ле­лер де жоқ емес. Осы орайда Щучье-Бурабай курортты аймағында жыл бойы қызмет көрсететін «Оқжетпес», «Алмаз», «Зеленый бор», «Щучинск», С.Сейфуллин атын­да­ғы шипажай, «Rixos Borovoe», «Парк Хаус Көкшетау», «Террасса­ Парк», «Самал» отель­де­рі және басқа да демалыс орын­дары тартымдылығымен та­нылғанын атап өткен жөн. Қысқы маусымда мұнда көр­се­тілетін қызметтің ауқымы кеңе­йе түсетіні құптарлық. Әсі­ре­се, ме­дициналық туризмнің сабақ­тас­­тығы тартымдылыққа ие. Біз облыстық туризм басқармасы ұйымдастырған пресс-турлар барысында емдеу-сауықтыру орындарының барлығында дерлік тыныс алу және жүрек-қан тамырлары, буын ауруларын емдеу тиімділігі артқандығын байқадық. Тәжірибелі мамандар физиотерапия, минералды сулар мен балшық, ине және герудотерапияның тиімділігін арттырған. Кеселді дәл анықтау, ем-дом белгілеуде заманауи медициналық құрал-жабдықтар пайдаланылады. Туристік нысандарда белсен­ді демалыс айрықша назарда ұс­та­лады. Мәселен, «Ақ желкен» пансионатында тау және жүгіру шаңғылары жалға беріліп, 300 метрлік аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал «Нұртаудағы» аспалы жолдың ұзындығы 640 метр­ге жетеді. Тынығушыларға қонақ үйлер, дәмхана, монша қызмет етеді. Кәсіби спортпен айналысушыларға ЦСКА шаңғы базасы қолайлы мүмкіндіктер жасап отыр. Осы ретте, қысқы туризмнің барлық түрлері қамтылатын республикалық шаңғы базасы салынып жат­қан­ды­ғын да айта кеткіміз келеді. Кешен халықаралық стандартқа сай ұшпа шаңғы жолын, биатлон алаңдарын біріктірсе, 184 орындық қонақ үй, 100 орындық дәмхана, хауыз, медициналық оңалту орталығы, төрешілер павильоны, командалар бөлмелері, кө­рермендер трибунасы пай­да­ла­нуға толық дайындалған. «Бурабай» арнайы эко­но­ми­­калық аймағында қыс­қы туризмді дамытудың озық үлгілері бой көтеруде. Е­л­ Президентінің бастамасымен «Қазақстан Лапландиясы» ойын-сауық кешені, респуб­ли­­­­камыздағы тұңғыш Вейк-парк табысты жұмыс істеп тұр. Бізге берілген мәлімет бойынша, «Қазақстан Лапландиясы» жыл сайын 50 мың туристке қызмет көрсетеді екен. Аймақтық туризмді дамыту және Бурабайдың жүк­темесін азайту шаралары да жоспарлы жүргізілуде. Зе­рен­ді демалыс аймағында «ҚазМұнайГаз-сервис» серік­тес­ті­гінің «Сұң­қар» сауықтыру ке­шені ты­ны­ғу­шылардың думанды ордасы­на айналды. Осы аудандағы «Елікті Park» тау шаңғысы базасы жаз айларында кең көлемді қайта құру жұмыстарын жүргізді. Қазір бес қабатты 100 орындық қонақ үйдің пайдалануға берілуі қонақтар легін көбейтіп отыр. Мұнда ересектерге арналған аспалы жол мен балалардың «Беби лифті» де орнатылған. Сондай-ақ, Зерендідегі рес­пуб­ликалық «Әуесқой шаңғы спорты одағы» демалыс айма­ғының мүмкіндіктері де кеңей­тіл­ді. Мұндағы 500 метрлік шаң­ғы жолы түнгі жарықпен қам­та­ма­сыз етілген. Спортшылар мен туристерге жайлы жатын орын­дар мен ұлттық сипаттағы мон­шалардың, ұсынымы мол жалға беру орнының қызметі көңілден шығатыны айтылуда. Шаңғы стадионында дәстүрлі халықаралық Зеренді шаңғы марафоны өткізіліп тұрады. Өлкенің табиғаты тамыл­жы­­ған Ақкөл қаласында жеке кәсіпкер К.Батпенов «SharZhum» туристік қызмет орталығын ашып отыр. Мұнда шаңғы базасы, 40 орындық қонақ үй, 100 орындық мейрамхана, фитнес-зал жұмыс істейді. Жыл бойы қызмет көрсететін орталықтың уақыт талабына сай жабдықталғанын атап өтуге болады. Сандықтау ауданындағы шаң­­ғы-роллерлік базасы ты­ны­ғушылардың сүйікті орны­на айналған. Мұнда түрлі спорт­тық, туристік шаралармен қатар әлем чемпионы Иван Гара­ниннің қатысуымен ардагер шаңғышылардың дәстүрлі республикалық марафоны өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, Қорғалжын көлдерінде жыл сайын әуесқой балықшылар фес­ти­валінің туы көтерілетіні де ғанибет. «Біз қысқы туризмнің тар­тым­дылығын арттыру, инвестиция тарту мақсатында жыл сайын туристік форумдар, көрмелер ұйымдастырамыз», дейді бізбен әңгімесінде облыс­тық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов. Бұл шараларға түрлі дең­гей­дегі туристік оператор­лар, ме­нед­жерлер, ұлттық парк, ши­пажайлар, балалардың сауық­тыру орталықтарының, оқу орын­д­арының өкілдері қатысады. Үсті­міздегі жылдың өзінде «Қыс­қы демалыстың үздік нысаны», «Қысқы демалыстың үздік туры», «Қысқы туризмнің үздік ұйымдастырушысы», «Үздік ақпараттық-жарнама агенттігі» аталымдары бойынша елуден астам меморандумға қол қойылды. Бүгінгі жұмыстың жүйе­лі жүргізіліп жатқанын осы бағыттағы қызметпен бай­ла­­ныстыруға да болады. Соған қара­мастан, пайдаланылмай жатқан резервтер баршылық. Қысқы туризм нысандарының саны әлі де аз, қызмет түрлерін кеңейтіп, сапасын жақсарту қажет. Шынарбек Бүркітбайұлы мұ­ның себебін туризм ны­сан­дарының қысқы маусымда жабық тұратынымен немесе қо­нақ үй түрінде ғана қызмет ете­тінімен байланыстырады. Өйт­кені, жылу, жарық, сумен қамтамасыз ету, тағы басқа шы­ғын­дар өзін ақтамайды. Аталған жүйе­нің толық жүктемемен жұ­мыс істеуі үшін жылу-электр қуатының жеңілдік та­риф­терін қарастыру, несиелеу бағытындағы ықпалдастық, туристік нысандардың кірме жолдарын тәртіпке келтіру қажеттігі өзекті болып тұр. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы