• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Үнқатысу жалғастырылады

170 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті, деп хабарлады   Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев бұл сапар Қазақ­стан мен Чехия парламен­ттері арасындағы белсенді қаты­нас­тардың көрінісі екенін атап өтті. Бұған дейін екі елдің сенаторлары арасында екіжақты жемісті сапарлар болған еді. Төрағаның пікірінше, екі ел арасындағы заңнамалық тәжірибені жетіл­д­іруге, әрі достық қарым-қаты­нас­тарды дамытуға парламенттер арасындағы үнқатысуды жалғастыру қажет. Қ.Тоқаев алдағы консти­ту­ция­­лық реформа туралы жә­не Мемлекет басшысының «Қа­зақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауының маңызды ас­пектілері жөнінде кеңінен хабардар етті. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ж­аңа сая­си бастамасының негізі – мем­лекеттік басқаруда прези­дент­тік сипат сақтала отырып, ел­де жүргізіліп жатқан рефор­ма­лар­­дың жай-күйіне Парламент пен Үкі­меттің жауапкершілігін күшейту болып отыр», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.