• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Универсиададан кейін 1,7 мың отбасы үйлі болады

150 рет
көрсетілді

Алматы Универсиаданың арқасында мегаполистің Алатау ауданы әрі қарай даму мүмкіндігіне ие болып отыр. Аталған ауданға 8 жылда құйылған инвестиция көлемі 32 есе артқан. Осыған дейін қаланың шырайсыз шеті саналып келген Алатау ауданы бү­гіндері қала қонақтары мен тұрғындарын өзіне баураған жаңа орталыққа айналып үлгерді. Бұл ауданда Универсиаданың бас­ты нысандары – «Алматы Арена» және Атлеттер ауы­лы орналасқан. «Алматы Аренаға» қол созым жерде 15,6 мың пәтерлік шағын аудан, соның ішінде, «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша 9 қабатты екі үй бой көтерді. Алдағы үш жылда тағы 16 мың пә­­тер­ден тұратын 279 үй салынбақшы. Қысқы Универсиада өткізілген соң, толыққанды әлеуметтік инфрақұрылымы бар Атлеттер ауылы 1,7 мыңнан аса отбасы үшін жай­лы баспанаға айналады. Ат­леттер ауылының 1748 пә­тері әрі қарай сатып алу мүмкіндігімен жал­­­дауға бе­рілмекші. Осылайша, ал­ғашқы сегіз жыл ішінде 15,5 млрд тең­ге мөлшерінде ин­вес­­ти­циялардың 40 пайыз­ға жуығы қайтарылмақ. Бұл Алма­тыдағы баспанаға ке­зек­­ті 10 пайызға азайтуы тиіс. Жаңа тұрғын үй кеше­нінде емхана, супермаркет, банк бөлімшелері мен пош­та, полиция бекеті қызмет көрсететін болады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ