• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

«Торпедо» ұпай санын жүзге жеткізді

163 рет
көрсетілді

Жоғары хоккей лигасындағы Қазақстанның қос клубы жанкүйерлерін қуантудан танбай келеді. Бұрнағы күні өткен турда Өскеменнің «Торпедосы» «Ермак» (Ангарск) командасын 6:2 есебімен ойсырата ұтса, Қарағандының «Сарыарқасы» өз айдынында «Соколдан» (Красноярск) басым түсті. Есеп – 3:2. «Торпедо» мен «Ермак» командалары арасындағы кездесуде Джордон Сауторн, Владимир Коротков, Евгений Рымарев, Талғат Жайлауов және Александр Архипов сынды өскемендік хоккейшілер гол соғып, ортақ жеңіске сүбелі үлес қосты. Ал қонақтар тарапынан Артурс Озолиньш пен Сергей Леснухин «Торпедо» қақпасынан саңылау таба білді. Осы жеңісінен кейін шығыс­қазақстандық клуб ұпай санын 100-ге жеткізіп, турнир кес­тесінде жеке-дара көш бас­тап келеді. Қазіргі таңда олар өзде­рінің қыр соңынан қалмай келе жатқан «СКА-Нева» (Санкт-Петербург) командасынан төрт ұпайға ұзап кетті. Келесі ойынын «Торпедо» 13 ақ­пан күні өз айдынында «Бу­ран» (Во­ронеж) хоккей клубымен өткізеді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»