• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Еден жуушы жетіспейді

324 рет
көрсетілді

Семей қалалық мәслихатының депутаты Әміржан Ахмед­жанов­тың айтуынша, бүгінде мек­тепте бала көп, ал еден жуатын адам тапшы. Талап бойынша 10 штаттық бірліктің орнына 5 адам ғана жұмыс істеп жүр. Бір еден жуушы екі адамның жұмысын атқаруға мәжбүр. Ал қалалық экономика және бюджетті жос­парлау бөлімінің жетекшісі Гүлжан Алтынбекова бұл мәсе­лені былай деп түсіндірді: – Мектептер бойынша осыдан үш жыл бұрын 600 техникалық қызметкер жетіспейтін. Білім бөлімінің мамандары бұл сұра­нысты жыл сайын біртіндеп қамтып келеді. Әлі де 300 адам қажет. Бірден ақша бөлуге мүм­кіндігіміз жоқ. Сондықтан жыл сайын бұл мәселені назарда ұстаймыз. Семей қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Сара Елеусізованың айтуынша, әзірге мектептерге 493 техникалық қызметкер бөлініпті. Келер жылы 139 штат берілмек. Депутаттар жаңа жұмыс орнын күтіп отыруға болмайтындығын, адам көп шоғыр­ланған мектептерде таза­лық болуы керектігін айтып аталған жағдайды тезірек шешуді ұсынды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист СЕМЕЙ