• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Жауынгердің денесі 73 жылдан кейін жеткізілді

214 рет
көрсетілді

Эстониялық «Front Line» іздестіру тобының жетекшісі Андрей Лазуриннің айтуынша, Таненберг шекарасында Ленинград майданының жауынгерлері жауға қарсы 9 ай бойы шайқасыпты. Қызыләскер Николай Сорокин осы жерде Эстонияны неміс-фашист басқыншыларынан азат ету барысында ерлікпен қаза тапқан. – Біз 14 жыл бойы іздестіру жұмыстарымен айналысып келеміз, – деді Андрей Лазурин, – осы уақыт ішінде белгісіз 958 жауынгерді тауып, анық­тап, қайта жерлеу рәсіміне қатыстық. Бірақ, Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмыз. Се­мей қаласын алғашқы рет көруіміз. Енді міне, Эстония-Ресей-Қазақстан халықаралық жобасымен жұмыс істеуді бастадық. Осы жоба арылы Семейге Сорокиннің мүрдесін жеткізуге ресейлік бір меценат көмектесті. – Соғыста ерлікпен қаза тапқан Николай Сорокиннің денесін Қазақстан елшісі арқылы туған жеріне 73 жылдан кейін жеткізуге мүмкіндік туды, – дейді Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Мейіржан Амангелді. Беймәлім жауынгердің дерегі қал­тасындағы №811663 «Ерлігі үшін» медалі арқылы анықталған. Іздестірушілер Ресей Қорғаныс министрлігіне хат жазып, медаль иесін сұрағанда, бұл 124-інші атқыштар дивизиясы 781 полкінің қатардағы жауынгері, 1912 жылы туған Николай Федорович Соро­киндікі деген анықтама жібер­ген. Ол Семейдің Октябрь аудан­­дық әскери комиссариа­ты ар­қылы 1941 жылы 23 тамызда әс­кер қатарына шақырылған екен. – Әкемізді майданға әкет­кенде небәрі бір жаста болдым, ал әпкем үш жарым жас­та еді, – деп әңгімелейді май­дангердің кіші қызы Галина Мурашкина. – Анамның айтуынша, ол кеме жасау зауытында, шаруашылықта жұмыс істеген. Әкеміз соғыста із-түзсіз кетті деген қағазды ал­сақ та, сенбей өмір бойы ізде­­дік. Тек 73 жылдан кейін ғана дерегін таптық. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист СЕМЕЙ