• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Ескі кинолар цифрлы құрылғыға көшіріледі

188 рет
көрсетілді

Қазір технологияның да­мы­ған заманы ғой. Мүм­кіндік болып тұрған кезде өткен дүние­лердің бәрін қаттап, өң­деп, сақтап қой­ғанға не жет­сін?! Осыған байланысты жыл соңына дейін кассетаға жазыл­ған 25 мыңнан астам отандық фильмдер өң­деліп, сандық құрылғыға көші­рілетін болды. Қазақ ғылыми-зерттеу мә­де­ниет институтының бас директоры Андрей Хаз­бу­латовтың айтуына қа­ра­ғанда, бұл іс жү­зеге асқан­нан кейін, жаңа құ­рыл­ғыға көші­рілген кинотуындылар қазақстандық арналарда көр­сетіледі. Сондай-ақ, бұл жобаға «Қазақфильм» киностудиясы қолдау көрсетуде. Және биыл қабылданатын кино туралы заң да бұл іске оң серпін беретіні анық. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»