• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Жақиянов пен Уоррен айқасының афишасы жарияланды

150 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (26-1, 18 КО) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4 КО) арасындағы жекпе-жектің афишасын жариялады. Айқас 10 ақпан күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте америкалық боксшының жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулері және Жақияновтың WBA тұжырымының белбеуі сарапқа салынады. Айта кетейік, Жақиянов АҚШ-та алғаш рет жекпе-жек өткізейін дұп тұр. Бұған дейін Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей елінде жұдырықтасқан болатын.