• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Мұнай арзандады. АҚШ өндірісі ОПЕК+ келісімін зая кетіруде

158 рет
көрсетілді

Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де Брент маркалы мұнай құны 1,89 пайыз арзандап, 54,56 долларға бір-ақ құлдырады. Қара алтынның арзандауына себеп болған АҚШ өндірісінің күрт артуы мен нарықта мұнайға деген сұраныстың азаюы, деп жазады investing басылымы. Соңғы екі ай бойы ОПЕК+ келісімінің арқасында мұнай бағасы барреліне 56-57 доллар аралығында сақталған еді. Өткен жылдың желтоқсанында мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен ұйымға кірмейтін мемлекеттер жылдың ортасына дейін өндірісті тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтамыз деп келіскен. Ал қазіргі таңда осы жоспардың 1,1 млн баррелі орындалды. Қазақстан болса, өзіне тиесілі 20 мың баррельді артығымен орындап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғандла қазіргі таңда өндірісті тәулігіне 30 мың баррельге азайтты. Осының нәтижесінде қымбаттай түскен мұнай бағасына АҚШ-тағы WTI маркалы мұнай өндірісінің көбейтілуі кері әсер етті. Осы аптада АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған бұрғылау құрылғыларының саны 2015 жылдың қазанынан бергі рекордтық көрсеткішке жетіп, 583-ке жетті. Нәтижесінде өндіріс көлемі де арта түсті. Сонымен қатар әлем бойынша жанармай сұранысының төмендеуі де инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Қытайдың мұнай импорты да аздап төмендегені айтылады жергілікті ақпарат құралдарында. Импортқа сұраныстың төмендігі Қытай экономикасының даму қарқынының бәсеңдеуімен байланысты.