• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Журналистер жауапкершілігі

373 рет
көрсетілді

Кеше Қазмедиа орталығында Бас редакторлар клубы Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан Бас редакторлар клубының Оның айтуынша, бүгінгі таңда жаңа реформаларды, аса маңызды құжаттарды, жаңа енгізілімдерді зерттеп, талдап, халыққа түсінікті тіл­мен жеткізетін кәсіби маман­дардың тапшылығы байқа­лады. «Кәсіби журналист ақпаратты жинап, мәселені зерттеп, талдап, қажетті адам­дармен сұхбаттасып, со­дан кейін ғана халыққа жет­кізуі керек. Сонда ғана қоғам арасында қажетті резонанс тудыра алатын материал шығаруға болады. Жаңа өзгерістерді, заңдарды алдымен өзі сүзгіден өткізіп, сараптамалық мақала жазатын журналистер жетіспейді», – деді Е.Бекхожин. Дөңгелек үстел барысында Бас редакторлар клубының мүшелері Елбасы Жолдауына байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, ондағы жаңа тех­нологияларды игеру, IT нарыққа ену секілді басым бағыттардың маңызына тоқ­талып өтті. президенті Ерлан Бекхожин стратегиялық құжаттың маңызын, мәнін халыққа түсіндіруде журналис­терге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын жеткізді. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»