• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Ел дамуындағы елеулі оқиға

819 рет
көрсетілді

Елбасының конституциялық реформасын талдау мақсатында Алматы қаласындағы Неміс үйінде «Қазақстан немістерінің қоғамдық бірлестігінің «Возрождение» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен конференция өтті. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Қазақстан неміс жастарының өкілдері қатысты. Жиын барысында сөз алған қонақтар Елбасының конституциялық реформасына талдау жасай келе, бұл дамудың даңғыл жолына жетелейтін ірі қадам деп баға берді. Іс-шараны ашқан ҚХА Төрағасының орынбасары Леонид Питаленко: «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдау Елбасы айтқандай болашаққа деген сенімді көпір болмақ. Қазақстан халқы Елбасының бастамасын бірауыздан қолдайды», – деп талқыланып отырған тақырыптың маңыздылығын сөз етті. Елбасы енгізген реформадағы басты мәселелер еліміздің дамуындағы елеулі оқиға ғана емес, сондай-ақ, бүтін бір мемлекеттің болашағын айқындайтын үлкен бастама екендігін алға тартқан тарих ғылымдарының докторы Георгий Кан: «Бұл игі бастамада бәріміз белсенділік танытуымыз қажет. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, әлем елдерінің назарын өзіне аударуы, басқа да елеулі жетістіктер еліміз үшін үлкен абырой. Бұл бағыт билік тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге зор септігін тигізеді», – деді. Қазақстандағы Неміс жастары ода­ғының жетекшісі Артур Бартель еліміздегі неміс жастары атынан аталған реформа Үкімет пен Парламенттің тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, демократияның тың серпін алуына үлкен септігін тигі­зетін құрал екенін айтты. Аталған шараны ұйымдастырушы «Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктерінің «Воз­рождение» қауымдастығының» жетекшісі Александр Дедерер жиында талқы­ланған мәселелердің өзектілігіне тоқталып, Қазақстан немістері қоғамдық бірлес­тігі және еліміздегі барша неміс ұл­ты­ның өкілдері Елбасы саясатын то­лық­тай қолдайтынын, бұл реформаның елі­міз үшін елеулі бетбұрыс екенін айтты. Арман ОКТЯБРЬ, журналист АЛМАТЫ