• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Стойлов: Бізді тартысқа толы маусым күтіп тұр

179 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов sportal.bg басылымына берген сұхбатында қаржылық фэйр-плейдің шектеулігі, оның Еуропа аренасында жетістіктерге жетуге тигізетін кері әсері жайлы өз ойымен бөлісті. «Жаңа маусымға дайындалу үстіндеміз. Қазір жартылай қорғанысымызды күшейту – басты мақсатымыз. Өкінішке орай, «Астана» жақсы ойнап жүрген кезде жоғары деңгейлі футболшыларды қатарына қоса алмады. Осының салдарынан кейін кейбір ойыншыларымызды жіберуге мәжбүр болдық. Қаржылық фэйр-плей ережесіне сай болу үшін еркін агент ретінде жүрген футбошылармен толығып жатырмыз», – деді Стойлов. «Ойыншыларды Чемпиондар лигасына қалай дайындау керек? Қиын сұрақ екен. Қарамағымдағы жігіттердің жоғары деңгейге қашан шығатыны белгісіз. Әрине, маусым айында бәрі тыңғылықты дайын болғанын қалаймыз. Бірақ ең қиыны – ойын деңгейін бір қалыпта ұстап тұру. Физикалық тұрғыдан ғана емес психологиялық жағынан да, эмоционалдық тұрғыдан да барлық сынаққа дайын болуы керек. Бізді тартысқа толы он ай күтіп тұр. Ылғи да жеңіске жете беру қолдан келмейді», – деді жаттықтырушы.