• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

ШҚО медицина мамандары шетелде біліктілігін арттырады

177 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында медицина мамандарының біліктіліктерін шетелде жетілдіруге миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ел Президентінің Жолдауын талқылауға арналған актив жиынында хабарлады, деп жазады yk.kz. «Өздеріңіз білесіздер, біз балалар ауруымен күресте соңғы орындарда тұрмыз», - деді деді өңір басшысы. «Жергілікті медицина ерлікпен кедергілерді еңсеріп келеді деген сөз асыра айтылған тәрізді. Біз ауруханаларды заманауи құрылғылармен қамтамасыз еттік, енді дәрігерлердің білікті жұмысы жетіспей тұр. Өткен жылы Өскемен мен Семейдің 12 дәрігері акушер-гинекологтар, неонатологтар, балалар патологиясының дәрігерлері бюджет есебінен Лондонда бірнеше ай оқып келді. Енді жаңа технологияларды меңгеру үшін дәрігер-жетекшілер шетелге аттанады. Егер маман заманауи халықаралық білімді меңгеріп, басшысы бұл мәселеден бейхабар болса, ол өз қызметкерінің қасиетін бағалай алмайды, соған қарай оның қызметін де жоғарылатпайды», - деді Даниал Ахметов. «Сондықтан, бірінші кезекте медицинада жетекшілерді оқыту керек. Олар үш айлық тіл курсынан өтеді, содан кейін шетелдік емханаларда жарты жыл бойы білім алады. Бұдан бас тартқан басшылар өзге қызметке ауыстырылады. Ең алдымен, кәсіби қызметті балалар ауруы, онкология және қан ауруларымен байланысты дәрігерлер біліктілігін арттыруға жіберіледі. Дәл қазір осы көрсеткіштер бойынша ШҚО соңғы орындарда келе жатыр. Бұл бағдарламаға миллиард теңге бөлдік. Қажет болса бұдан да көп қаржы жұмсаймыз, азаматтардың денсаулығы біз үшін маңызды», - деп толықтырды облыс әкімі.