• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Головкинді жеңу үшін Джейкобс қандай әдіс қолдануы тиіс?

126 рет
көрсетілді

WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңу үшін Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қандай әдіс қолдануы керек екендігін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Джейкобс кездесудің басында-ақ өткір шабуылдарға шығып, жойқын соққыларын дарытуы тиіс. Сонымен қатар, Головкиннің екпініне төтеп беріп, қысымынан дер кезінде шыға білуі қажет. Міне, осылайша ол қарсыласының бетін қайтарды», – деп жазды туиттерінде. Бұған дейін Серхио Мора қос боксшының арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасаған. Айтуына қарағанда, 18 наурыз күні Madison Square Garden аренасында жанкүйерлер күткен нағыз айқас болады. Алайда, америкалық бұл ұрыста үш-төрт раундқа дейін ғана шыдауы мүмкін. Айта кетейік, Джейкобс пен Мора шаршы алаңда екі рет кездескен. 2015 жылы тамыз айында Дэнни екінші раундта-ақ сұлатып салса, 2016 жылдың қыркүйегінде жетінші раундта нокаутпен жеңді.